Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

17:46, 12 қыркүйек 2024 260
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық мұражайда Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Дүние дидарындағы Димаш» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Көрме Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концерті аясында әртістің шығармашылық жолы мен жетістіктерін көрсету мақсатында ашылған. Елорда тұрғындары мен қала қонақтары көрмені 6 қазанға дейін тамашалай алады.

13 қыркүйек күні Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында ел мақтанышы Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты жеке концерті өтеді.

«Qazaqstan» телеарнасы концерттің ақпараттық қолдаушысы ретінде 13 қыркүйек сағат 15:15-те және 19:30-да концерт алдында тікелей эфирде арнайы шығарылымдар ұйымдастырып, дайындық барысынан материалдар және эксклюзив сұхбаттар ұсынады.
Показать перевод
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?