Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Анаша шегеді, массажға барады»: Атырау облысының орталық мешіті имамға қатысты тараған ақпаратқа жауап берді

09:22, 03 қазан 2024 1618

Атырау облысының орталық мешіті «Құспан молла» мешітінің имамы аморалды әрекеттерге барады деген айыпты жоққа шығарды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Azattyq Ruhy сайтының мәлімдеуінше, бұған дейін желіде «Атырау қаласының «Құспан молла» мешітінің молдасы Эммат Ғұмаровтың мүфтият басшылығына Атыраудың бекіресі мен қара уылдырығын ай сайын жіберіп тұрады, кәсіпкерлер мен меценаттардың арқасында байып, үйір-үйір жылқы,жүздеген түйе мен сиыр-қойға ие болды, одан қалса, анаша шегіп, жеңілтек қыздарға боди-массаж жасатқызады, жыныстық қатынасқа түседі, анайы әзілдер айтады деп кінәлаған бір топ жамағаттың арызы жарияланған болатын.

«Атырау облысының орталық «Иманғали» мешіті кейбір сайттарда, әлеуметтік желілерде Атырау қаласының «Құспан молла» мешітінің имамына қатысты тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, жалған жала екендігін хабарлайды.

Біріншіден, Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінің имамы қызметін пайдаланып, мүфтиятқа балық, уылдырық жібереді деген сөз жала. Мүфтиятқа Атыраудан «сыйлық» жіберу деген болған емес.

Екіншіден, мешіт имамы бола тұра, үнемі насыбай, анаша шегеді, массажға барады деген сөздер мүлде ақылға сыймайды. Себебі, Құспан молла мешіті қаладағы ірі құлшылық орындарының бірі болғандықтан, бұл жерде атқарылатын жұмыс көлемі өте көп. Сондықтан, мешіттің бас имамы болғандықтан, салмақ та осы кісіге түседі. Яғни, имамның негізгі уақыты мешітте өтеді», - делінген түсініктемеде.

Атырау облысының орталық мешіті молданың қызметін пайдаланып, қора-қора мал жиды деген сөз де теріске шығарды.

«Атыраудың кәсіпкерлері арқылы мал жиды, байыды деген сөз шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта имамның күнделікті сауынға ұстап отырған бір бас сиыр, бір бас түйесі бар. Кәсіпкерлер арасында мешіттің керек жабдықтарына заттай көмек көрсетеді. Кәсіпкерлер тарапынан көрсетіліп отырған көмек түрі мешіттің ішкі құжаттарына есепке алынып отырады. Кісінің артынан жалған сөйлеп, жала жабу – дінімізде құпталмайтын іс екенін атап өткіміз келеді», - деп жазды мешіттің баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар