Оқиға ішкі рейстер терминалында болған, деп жазады Alash.kz.
Әлеуметтік желіде ер адамның бір қолымен әуежай қызметкерінің шашынан ұстап, екінші қолымен айналасына пышақпен сес көрсетіп жатқаны байқалатын видео тарады. Ер адам видеода басқаларға “жақындамаңдар” деп қорқытады. Видео 7 наурызда Алматы әуежайында түсірілген деп айтылды.
Алматы әуежайының баспасөз қызметі оқиғаны растады. Оқиға 7 минутқа созылған. Ізінше одан суық қару тәркіленіп, ұсталған.
“Сағат 11:45-те жолаушы кейпіндегі ер адам ішкі терминалдағы тексеріс аймағына жақындады. Авиация қауіпсіздігі қызметінің өкілдері ер адамнан құжаттарын көрсетуді сұраған кезде ол қызметкерді шашынан ұстап алып, пышақпен қорқыта бастады. 7 минуттан кейін ер адам қарусыздандырылды. Қазіргі уақытта ер адам желілік полиция бөлімінде” деп хабарлады әуежай өкілдері.
Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам рейс алдындағы тексеру аймағына жақындап, құжаттарын көрсетуді сұраған, ол жауап ретінде инспекторды шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастаған.
Бақытымызға орай, полиция тез әрекет етіп, шабуыл жасаған адамды ұстады.