Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алаяқтар министр Аида Балаеваның атынан жалған ақпарат таратқан

18:48, 30 маусым 2024 588

Алаяқтар ойлап тапқан мәтінде Мемлекет басшысы қазақстандықтарға төлемдер тағайындауды тапсырғаны жазылған, деп хабарлайды Alash.kz inbusiness.kz сайтына сілтеп.

"Жалған жарнаманы таратушылар күмәнді сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Қандай сома тағайындалғанын білу үшін адам жеке тұлғаның бірегей нөмірін (ЖСН) енгізуге тиіс. Белгісіз сайттарда жеке деректерді қалдырмаған жөн. Алаяқтар оларды жеке мақсатта пайдаланады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сайтында төлемдер туралы ақпарат болмаған және жоқ", – делінген хабарламада.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламалар алған жағдайда төмендегідей әрекет етуді ұсынады: 

  1. Келген хатты елемеу, хатқа жауап бермеу.
  2.  Алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлау.

"Азаматтардың мүддесін қорғау — біздің басты міндетіміз. Біз алаяқтық әрекеттерін болдырмауға және кінәлілерді жауапқа тартуға бар күшімізді саламыз", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар