Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әдемі жарасамыз: Назым Қызайбай Димаш Құдайбергеннің өзіне жазып тұратынын айтты

13:50, 18 қараша 2024 2608

Назым Қызайбай Динара Сәтжанның «Late night show with Dinara Satzhan» берген сұхбатында Димаш Құдайбергенмен таныстығы туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап. 

Спортшы қыздың сөзіне қарағанда, оған Instagram арқылы танымал әнші Димаш Құдайберген хат жазып тұрады.

Бағдарлама барысында тележүргізуші фотошоппен жасалған Назым Қызайбайдың Димаш Құдайбергенмен бірге тұрған суретін көрсетіп еді, «Ооо, әдемі жарасады екенбіз, иә!?» - деп әзілдеді Назым.

Боксшы қызды Димаштың өзінен бір жас кіші болғаны да үрейлендірмейтін көрінеді.

«Қорқынышты емес. Одан да кішкентай балалар жазады. Димаш екеуіміз Instagram-да бір бірімізге жазылғанбыз. Жарыстарда жеңіске жеткенде құттықтап тұрады. Мен де оның Stories-теріне анда-санда жауап беріп тұрамын. Бұдан бөлек 2017 жылы қысқы Универсиада кезінде көріскенбіз», - деді Қызайбай.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар