Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"7 жыл бойы қорлық көрсеткен". Өз қызын зорлап келген ер адамға химиялық кастрация жасалып, өмір бойына қамалатын болды

12:41, 09 қазан 2025 581

Талдықорғанда туған қызын зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды  Alash.kz.

15 жастағы жеткіншекке азғындық жасаған азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қаскөйге химиялық кастрация жасалмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жантүршігерлік қылмыс биыл жазда әшкереленді. Мұны жәбірленушінің анасы көріп қалған. Содан соң әйелге қызы бар шындықты жайып салған. Ол әкесінен 7 жылдан бері қорлық көргенін жеткізді. 39 жастағы ер адамның тұңғышына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасағаны сотта дәлелденді.

“Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Және химиялық кастрация жасау үкім етілсін. Орта білімді ер адам жұмыссыз. 4 баланың әкесі. Оған енді өмір бойына педагогикалық салада жұмыс істеуге тыйым салынсын”, – деп мәлімдеді Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Бақыт Ермаханов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар