Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"22 адам бөленген бесік": Димаш Құдайбергеннің бесігі музейге қойылды

15:17, 13 қыркүйек 2024 487

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің бала күнінде жатқан бесігі мұражайға қойылды, деп хабарлайды Alash.KZ. 

Жаңалықты журналист Бауыржан Бабажанұлы жариялады. 

“Құдайберген аға мына бесікті 1970 жылы Қанат Айтбаев дүниеге келгенде арнайы жасатыпты. Кейін Димаш та осы бесікке бөленген. Әкелі-балалы екеуі ғана емес, осы әулеттің 22 адамын тербеген құтты бесік бұл!  

Бүгін Ұлттық музейде Димаштың шығармашылығына арналған көрме ашылды. Көрмеге келген жұртта есеп жоқ. Көбі шетелдіктер. Олар біздің ұлдың әрбір басқан қадамына үңіліп жатыр. Көрме 6 қазанға дейін созылады. Келіңіздер, көріңіздер!, – деп жазды медиа маманы. 

Айта кетейік, 13 және 14 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында Димаш Құдайбергеннің концерті өтпек. Көрерменге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар ұйымдастырылады. Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру концерт билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады. Автобустар сағат 17.00-ден бастап қатынамақ. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?