Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

140 теңге береді: Наиб имам мешіттегі жұмысынан шаршағанын айтты

12:18, 20 тамыз 2024 985

Қазақстандық бұрынғы наиб имам Қанат Талғатұлы мешіттегі қызметі кезінде мардымсыз айлық алған. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.  

Жалақысы отбасын толыққанды асыруға жетпегендіктен, жиһаз саласына кеткен.

Бұрынғы наиб имам Қанат Талғатұлы мешітте қанша айлық алғанын және діни қызметтің жүйесін айтып берді.

"Жәшікке түскен ақшадан, ең бірінші, мешіттің су мен жарығына, жылу мен керек-жарақтарына өтеледі. Бұдан кейін ол жерде қанша қызметкер болса, марзымайтын 50-60 мың теңге көлемінде қаржы беріледі. Мысалы, 25 пен 30 мың теңгені жарыққа төлейтін едім. Бұған күн көру мүмкін емес. Себебі бала-шаға өсіп келе жатыр, олардың балабақшасы бар", – деп ағынан жарылды Қанат Талғатұлы.

Бұдан бөлек ол діни жоралғыларды атқарған кезде қанша теңге алғанын айтып берді. 

"Бір күні мың теңге, келесіде 2 мың теңге тапқан кездер бар. Жаназадағы "Хатым Құраннан" 5 000, 10 000, 15 000 теңге, әрі кетсе 20 000 теңгеден артық алған емеспін. Дем салуға 2 000 теңге беретін. 140 теңге бергендер бар. Мұндай кезде бақсы-балгерлер адамға 7 тасты оқытып, дем салдырып кел деп жібереді. Әркім өзінің шама-шарқына қарай ақша беретін", – деді Қанат Талғатұлы.

Қанат Талғатұлы Шымкент, Тараз және Алматы облысы секілді аймақтарды имам қызметін атқарған. Ол барлық мешітте садақадан жиналатын жәшіктегі ақшаның 30%-ы мүфтиятқа (ҚМДБ) табысталатын айтты. Алайда жиналған қаржыдан имамдардың қосымша оқуларына қаражат бөлінбейді және киетін шапан пен сәлдені алуға өз қалтасынан шығаратын көрінеді. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар