Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"12 мың АҚШ долларын төледім". Жәнібекті асырап алған әйел шетін мәлімет берді

19:59, 15 сәуір 2024 865
Белгиялық отбасы асырап алған Жәнібектің анасы Валеридің айтуынша, ол Қазақстанға келмей тұрып, Жәнібек туралы алдын ала білген, фотоларын көрген.

"Құрметті әке-аналар, аға-әпкелер. Асырап алған анам Валеридің атынан сұрақтарыңыз бен тілектеріңізге алғыс айтқым келеді. Бұл сұхбатта өткен оқиғалар туралы егжей-тегжейлі айтылды, сонымен қатар жаңа ақпарат та бар" дейді Жәнібек.

"Жәнібек туралы Бельгияда танысқан әйел арқылы білдім. Арқалықтағы балалар үйіне хабарластым. Балалар үйі Жәнібекті ұсынды. Мен Қазақстанға келмей тұрып, электронды пошта арқылы жалғыз Жәнібектің суретін көріп, мәлімет алдым. Арқалыққа келіп, балаларды көргенде Жәнібекті танып тұрсам да, танымағандай болдым, маған солай істейсің деп айтты. Бала таңдағандай өтірік істеп тұрдым. 

Бельгиядан Алматыға ұшақпен, одан Арқалыққа мені екі ер адам көлікпен алып барды. Шынымды айтсам қорықтым. Сол екі ер адам мені үйіне (біреудің) жеткізді. Оның әйелдің кім екенін кейін айтып беремін. Сол үйде түнедім.

Менде Қазақстандағы балалар үйін таңдайтындай мүмкіндік болған жоқ. Бірақ мен қандай бала асырап алғым келетінін айттым. 2-3 жасқа дейінгі ұл бала деп айттым.

Мен сені асырап алу үшін 12 мың АҚШ долларын төледім. Бала асырап алу үшін ақша төлеу керектігін білдім. Бірақ заңсыз екенін білген жоқпын. Мен Арқалыққа барғанда ол жерде Америкадан келген басқа адамдар да болды. Олар 20 мың АҚШ долларын қолма-қол төлеуге мәжбүр болды", - дейді ол.

Ақша берген адамның фамилиясы есімде, мүмкін білмегенде шығармын. Олар Арқалықта балалар үйіне жақын маңда тұрды. Білуімше, ағылшынша білетін жалғыз адам болды. Мен онымен байланыста болдым. Бірақ Жәнібекті Бельгияға алып кеткеннен кейін байланыста болмадық. 12-13 жасқа толғанда Жәнібек туралы көбірек білу үшін ол әйелге электронды пошта арқылы жаздым. Ол кезде Жәнібек басынан қиын кезеңдерді өткізіп жүрген. Сол әйел көмектеседі деп ойладым. Бірақ көмектеспеді.

Мен делдал арқылы Қазақстаннан бала асырап алған әйелмен таныстым. Бала асырап алуға алғашқы қадам жасауға сол көмектесті. Бірнеше жылдан кейін сол көмектескен әйел агенттік ашты.Барлық құжаттарды дайындау үшін Қазақстанда екі айдай болдым", - деді ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар