Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

1,1 млрд теңге: Қаржы министрі 745 блогердің кіріс-шығысын тексерді

17:16, 06 маусым 2024 340

ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев блогерлердің кіріс-шығысын есептеп, 1,1 млрд теңге айырмашылықты анықтады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ведомство 20 мыңнан астам жазылушысы бар 745 блогердің табысы мен шығысын тексерген.

162 блогердің кірісі мен шығысы арасындағы айырмашылық 1,1 млрд теңгені құрады, - деді министр «АФМ Online 2024» пікірталас алаңында.

 

Экс министр Ерұлан Жамаубаевтың есебі бойынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша олар 200 млн теңгеден астам салық төледі. Егер олардың қызметі бизнеспен байланысты болса, әрине, салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1%-дан 4%-ға дейін, - деп атап өтті ол.

2023 жылдың шілдесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға қол қойған болатын.

"Блогер" терминінін анықтамасы заңмен реттеліп, онлайн платформалардағы жарнамаларды таңбалау бойынша міндеттемелер енгізілді.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар