Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Видео туралы қоғам білмесе дедік»: Нүкенованың ағасы сот тыңдауына дейін нені жасырғанын айтты

10:40, 12 наурыз 2024 547

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді алғашқы сот отырысы туралы көзқарасын ашық жеткізді.

«Алдын ала тыңдаудан алған алғашқы әсерлер.

Шуға келетін болсақ, әуелі туыстарына залға кіргізілетінін айтып, хабар тарататын 2 зал бар екенін ескертпеді. Судья процесті тоқтатып, кетуімді сұрағанда мен барлығына хабар тарататын бөлмелер бар екенін айтты. Содан барлығы сол жаққа қарай жүгіре жөнелді. Туыстарымды түсінуге болады, олардың барлығы мен үшін және сот процесіне алаңдайды», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтбек Амангелді бұған дейін айтылмаған нәрселер барын айтты.

«Салтанат неге кетіп қалмаған және кетіп, қайтадан неге оралған?» деген секілді сұрақтар көп қойылды. Бұл мен үшін де үлкен сұрақ. Оның жауабын қылмыс болғаннан кейін білдік. Яғни Бишімбаев түсірген видеодан кейін білдік. Бұл туралы айтқымыз келмеген, себебі бұл біздің жақындарымыз үшін ауыр. Сондықтан видео туралы қоғам білмесе дедік. Себебі әлдеқандай әдеп нормасы бар. Менің міндетім – бәрін бүге-шүгесіне дейін айтып, біреуді қаралау емес, отбасымды ойлау және оларға қамқорлық таныту болды», – дейді Айтбек Амангелді.

Еске салсақ, кеше 11 наурызда Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Алдын ала тыңдау барысында прокурор Бишімбаев Нүкенованы интимдік видеоға түсуге мәжбүрлегенін айтты. Ал бұл ақпарат алғашқы сот тыңдауына дейін көпшілікке белгісіз болған. Кейін Бишімбаевтың адвокаттары істі «абайсызда өлтіріп алу» бабына ауыстыруды сұрады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар