Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бишімбаев Нүкенованы интимдік видеоға түсуге мәжбүрлеген» – прокурор

16:30, 11 наурыз 2024 604

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр. Сот тыңдауы барысында прокуор біраз мәлімдеме жасады.

Sputnik.kz-тің жазуынша, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-ұлттық экономика миниситріне Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігінің 6-тармағы – адам өлтіру, қасақана аса қатыгездікпен адам өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру), Қылмыстық кодекстің 110-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы – адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамды қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немес осы мерзімге бас бостандығынан айыру) бойынша айып тағылып отыр.

Сотта ол өзінің отбасылық жағдайы деген сұраққа «қазір басым бос» деп жауап берді.

Прокурор жасаған мәлімдемеге сәйкес, ол Салтанат Нүкеновамен заңды некеге тұрмаған.

Сонымен қатар прокурордың мәлімдемесінен Бишімбаевтың азаматтық некедеге әйелінің барлық телефон қоңырауын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салған. Қаржы жағынан өзінен толықтай тәуелді еткен, жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткен. 2023 жылдың наурыз айында Бишімбаев Астанада Нүкенованы ұрған.

Бишімбаев Нүкенованы интимдік видеоға түсуге мәжбүрлеген. Кейін бопсаламақ болған. Прокурордың айтуынша, Бишімбаев қол көтергенін Салтанат өзінің туыстарына айтқан. Мұны білген соң Бишімбаев та компромат керек деп шешіп, Нүкенованы видеоға түсуге мәжбүрлеген.

Салтанат Нүкенованың өлімі

Былтыр 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.

Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың қатты мас болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.

ІІМ сол күні ресторандағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.

Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана ресторанындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

Тергеу барысында оқиға болған «Bau» рестораны орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар