Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады

Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады

World Boxing халықаралық бокс ұйымы қараша айындағы жаңартылған әлемдік рейтингті ресми түрде жариялап, нәтижесінде қазақстандық он боксшы өз салмақ дәрежелері бойынша үздік үштіктің қатарынан көрінді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жаңартылған тізімге сәйкес, еліміздің төрт былғары қолғап шебері әлемдік көшбасшы атанды. Атап айтқанда, Санжар Тәшкенбай (50 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) және аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) өз санаттарында бірінші орынға жайғасты.

Сонымен қатар тағы төрт отандасымыз рейтингтің екінші сатысынан орын алды. Олардың қатарында Махмұд Сабырхан (55 келі), Назым Қызайбай (48 келі) және Аида Әбікеева (65 келі) бар. Бұдан бөлек, жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Алуа Балқыбекова (51 келі) алдыңғы көрсеткішін бір сатыға жақсартып, әлемдік тізімде екінші орынға көтерілді.

Ал ауыр салмақта өнер көрсететін Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) мен Нұрбек Оралбай (85 келі) өз салмақ дәрежелерінде үшінші орынға тұрақтап, үздік үштікті түйіндеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар