Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды

15:30, 11 наурыз 2024 418

Елордада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев және оқиға болған гастро-орталықтың директорына қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Алдын ала тыңдауға 80-ге жуық БАҚ өкілі қатысуда.

Іс астаналық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Судья – Айжан Құлбаева.

Сот мәліметінше, күдікті Қуандық Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша адам өлтіру, қасақана, аса қатыгездікпен адам өлтіру, Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша материалдық жағынан тәуелдi адамды жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылып отыр.

Ал екінші күдікті Бақытжан Байжановқа (оқиға болған гастро-орталықтың директоры) Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша аса ауыр қылмысты жасыру және Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.

Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы ресторандардың бірінді  қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар