Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Таза спортты қорғау жүйесін дамыту»: Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік президенті Астанаға келді

«Таза спортты қорғау жүйесін дамыту»: Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік президенті Астанаға келді

WADA президенті Витольд Банька Астанаға келді, деп хабарлайды Alash.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банька Астанаға келіп, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты, допингке қарсы білім беру жұмыстарын дамыту және спорттағы адалдық қағидаттарын нығайту мәселелерін талқылады.

Витольд Банька 22–27 қараша аралығында Астанада өтіп жатқан WADA-ның басқарушы органдарының отырыстарына қатысады. Қатысушылар Дүниежүзілік антидопинг кодексін іске асыру, таза спортты қорғау жүйесін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін қарастырады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар