Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

2027 жылы ҰБТ бола ма: министр Саясат Нұрбек бүгін қандай мәлімдеме жасады?

2027 жылы ҰБТ бола ма: министр Саясат Нұрбек бүгін қандай мәлімдеме жасады?

Қазақстанда 2027 жылы ҰБТ тапсыру сақталады. Бұл туралы 12 қарашада ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Министр жаңа емтихан тек пилоттық режимде өтетінін, түлектер жаңа тест жүйесін өз еріктерімен тапсыра алатынын айтады.

Жаңа тест туралы не белгілі?

Қазақстан түлектердің университетке түсуі үшін тапсыратын тест жүйесін өзгертуді көздейді. Биыл сәуірде министр Саясат Нұрбек америкалық Educational Testing Service (ETS) ұйымымен жаңа тест жүйесін жасап жатқанын айтқан. Министрлік жаңа жүйені дайындауға 3 млн доллардай қаржы керек деген еді. "Жаңа тестілеу жүйесі оқушылардың алған білімін іс жүзінде қалай пайдаланатынын бағалайды" деген еді министр.

Ведомство бұл жүйе іске қосылса, тест тапсыру тегін болатынын айтқан.

Министр "ҰБТ өзгереді" деген сөздерді жоққа шығарды

Бұған қоса, Саясат Нұрбек Астанадағы оқушылар арасында тараған "келесі жылы ҰБТ болмайды, оның орнына басқа тест жүйесі іске қосылады" деген сөздерді жоққа шығарды.

Министр бұл сөзді балаларды курсқа жазып ақша табуды көздейтіндер таратты деп санайды. Министрлік бұл ақпаратты таратқандардың әрекетіне құқықтық баға беру үшін тиісті органдарға қайырылмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар