Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бір күнде екінші жарылыс: Ақтауда көліктегі газ баллоны жарылып, бірнеше метрге ұшып кетті (ВИДЕО)

Бір күнде екінші жарылыс: Ақтауда көліктегі газ баллоны жарылып, бірнеше метрге ұшып кетті (ВИДЕО)

Ақтау қаласында Hyundai Elantra маркалы жеңіл автокөлігінің газ баллоны жарылып, салдарынан 38 жастағы ер адам түрлі деңгейдегі күйік жарақатын алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, көлікте көлемі 45 литрді құрайтын газ баллоны орнатылған. Жарылыстың қатты екпінінен баллон бірнеше метр қашықтыққа ұшып барып құлаған. Абырой болғанда, төтенше жағдай орын алған сәтте сол маңда жаяу жүргіншілер болмағандықтан, өзге азаматтар зардап шеккен жоқ.

Оқиғадан кейін 38 жастағы ер адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Медициналық тексеру барысында оның беті, мойны мен қолын күйік шалғаны анықталды. Дегенмен зардап шегуші стационарлық ем қабылдаудан, яғни ауруханаға жатудан бас тартқан.

Сонымен қатар бүгін сағат 10:28-де Ақтөбе қаласында да жарылыс болды. Тәуелсіздік даңғылы бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласқан. Қатты жарылыстың салдарынан дәмханаға жапсарлас салынған құрылым бөлігі опырылып түсіп, көпқабатты тұрғын үйдің терезелері зақымданды.

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 10:53-те толықтай ауыздықтады. Бұл оқиғадан зардап шеккен екі адам дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Ақтөбедегі оқыс жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр, қаза тапқандар жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар