Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жүрегіміздесіз... Құранымызды қабыл етсін!»: Мақпал Жүнісова жантебірентерлік жазба жариялады (ВИДЕО)

«Жүрегіміздесіз... Құранымызды қабыл етсін!»: Мақпал Жүнісова жантебірентерлік жазба жариялады (ВИДЕО)

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өмірден өткеніне 21 жыл толуына байланысты оның жары, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде жантебірентерлік жазба жариялап, марқұмға деген сағынышын білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

12 қараша күні өнер иесі өзінің Instagram парақшасында қайраткердің көзі тірісінде түсірілген мұрағаттық бейнежазбасымен бөлісіп, оқырмандарына жүрекжарды сөзін арнады:

«Бүгін Зәкеңнің өмірден өткен күні, топырағыңыз торқа болсын, мәңгілік жүрегіміздесіз», — деп жазды Мақпал Жүнісова.

Сонымен қатар әнші марқұм жұбайының рухына арнап мешітте Құран бағыштатқанын да жеткізді:

«Көктөбе мешітінде Асылхан қажымен оқытылған құранымызды қабыл етсін», — деді өнер иесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар