Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Пәтерінен өлі табылған»: Көкшетаудағы сот қызметкерінің қазасына қатысты іс неге жабылып қалды?

«Пәтерінен өлі табылған»: Көкшетаудағы сот қызметкерінің қазасына қатысты іс неге жабылып қалды?

Ақмола облысының полиция департаменті Көкшетау қалалық соты әкімшілігінің 27 жастағы басшысы Аян Дүйсековтің өліміне байланысты қозғалған қылмыстық істі ресми түрде тоқтатты, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы оқиға биылғы 13 қыркүйек күні тіркелген болатын. Аян Дүйсеков өзінің қызметтік пәтерінде өлі күйінде табылған еді. Марқұм өмірден өтер алдында жұбайына соңғы хабарлама жазып, одан кешірім сұраған және бәрінен шаршағанын жеткізген.

Бастапқыда марқұмның туыстары оған қызмет орнында қысым көрсетілгенін алға тартқанымен, Ақмола облысы бойынша Сот әкімшілігі департаменті бұл уәжді жоққа шығарған. Ал құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастаған болатын.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, іс аясында барлық қажетті сараптамалар мен тергеу әрекеттері толық жүргізілген, алайда қылмыс белгілері анықталмаған:

— «Тергеу барысында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті материалдар жиналды. Тергеу нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды», — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Марқұм Аян Дүйсековтің артында жары және 3 жастағы ұлы мен 1,5 жастағы қызы қалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар