Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы ел қоржынына екі бірдей алтын медаль салды

15:50, 02 қыркүйек 2026

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан екі бірдей алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрталап Керім финалда Қырғызстан спортшысын жеңіп, ел қоржынына алғашқы алтын медаль салды.

Ал 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайлау Мұхаммеджан шешуші кездесуде қырғыз спортшысымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қос спортшы Қазақстан құрамасына дүбірлі додадағы алғашқы алтындарды сыйлады.

Айта кетейік, биылғы дүбірлі додаға Қазақстан атынан 42 спорт түрінен 152 спортшы қатысып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар