Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қызғаныш себеп болған»: Аралдағы полиция өліміне қатысты ел күтпген дерек мәлім болды

10:20, 02 қыркүйек 2026

Қызылорда облысының Арал ауданында қаза тапқан полиция қызметкерінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ozgeris.info pедакциясына аты-жөнін көрсетпеуді өтінген анонимді оқырман хабарласып, қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болуы мүмкін екенін жеткізді. Оның айтуынша, еңбек демалысында болған тәртіп сақшысы Шижаға ауылында тұратын отбасылы әйелмен жақын қарым-қатынаста болып, оның үйіне жиі барып жүрген.

Бұл жағдайды әйелдің күйеуі біліп қойып, арада үлкен жанжал шыққан. Анонимді оқырманның болжамынша, ашуға булыққан ер адам полиция қызметкерін пышақтап өлтірген.

Әзірге бұл ақпарат бойынша ресми қорытынды шыққан жоқ. Десе де, Қызылорда облыстық Полиция департаменті оқиға орнында тұрмыстық сипаттағы жанжалдың орын алғанын растап отыр.

Айта кетейік, 1988 жылы туған марқұм полицейдің мәйіті үйдің ауласында орналасқан гараждың ішінен табылған еді. Қазіргі таңда құзырлы органдар істің мән-жайын толық тексеріп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар