Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Маңызды жаңалығым бар. Бірге өткізген 20 жыл…»: Қайрат Нұртас ел естімеген жаңалығын бөлісті

21:00, 01 қыркүйек 2026

Әнші Қайрат Нұртас желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі Алматыда шығармашылығына 20 жыл толуына орай шоу-концерт өткізбек.

Оның айтуынша, алдағы кештің форматы әдеттегі концерттен өзгеше болады.

«Сіздерге бір маңызды жаңалығым бар. 20 жылдық шоу-концертімді Алматыда да өткіземін деп шештім. Себебі бұл – басқа шоу. Ерекше сахна, жаңа бағдарлама. Бұл кешті алматылықтар да көруі керек деп ойлаймын. Мұны жай ғана концерт деп айту аздық етеді. Себебі бұл – сіздермен бірге өткізген 20 жыл. Естелік, хиттер, сол сәттер», – дер жазды Қайрат Нұртас.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар