Әнші Жазира Байырбекова желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі қызы Дара биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа барғанын айтты.
Әнші желідегі парақшасында қызына арнап әсерлі жазба арнап, ақ тілегін жеткізді.
"Бүгін мен үшін ерекше, жүрекке толқыныс сыйлаған күн… Даратайым алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қадам басты. Кеше ғана балабақшаға қолынан жетектеп апарған кішкентай балапаным, бүгін білім атты үлкен әлемнің есігін ашып тұр.
Қадамың құтты болсын, құлыным! Білім жолың ашық, болашағың жарқын болсын! Әрдайым жүзіңнен күлкі, жүрегіңнен мейірім, бойыңнан әдеп пен тәрбиені жоғалтпағайсың. Алғашқы қоңырауың құтты болсын, Даратайым!" – деді әнші.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/288069-erekse-tolqyp-turmyn-zazira-baiyrbekova-otbasyndagy-quanysty-suiinsiledi