Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«13 рет пышақ сұққан»: Енесін аса қатігездікпен өлтірген 22 жасар келіншекке сот үкімі шықты

17:33, 01 қыркүйек 2026

Әзербайжанның Лянкяран ауыр қылмыстар жөніндегі сотында енесін қатыгездікпен өлтірген 2004 жылы туған Рухана Имановаға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Тергеу мен айыптау мәліметтеріне сүйенсек, қайғылы оқиғаға келінінің тісіне салдырған брекеті себеп болған. Келіні Рухана Иманова мен енесі Халида Манафованың арасында ұзақ уақыт бойы келіспеушілік пен кикілжің тыйылмаған. Бірде енесі ұлы мен келінін үйден шығарып жіберуге де әрекеттенген. Алайда қаржылық қиындықтарға байланысты бұл ойы іске аспай, отбасындағы арақатынас одан сайын ушыға түскен.

Кейіннен Рухананың күйеуінің тапқан қаражатына тісіне брекет орнатуы енесінің үлкен наразылығын тудырып, арты кезекті отбасылық жанжалға ұласқан. Төбелес барысында ашуға булыққан келіні асүй пышағын алып, енесіне 13 рет соққы жасаған. Алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан енесі оқиға орнында көз жұмды.

Осы қайғылы дерек бойынша бірден қылмыстық іс қозғалып, күдікті құрықталған болатын. Сот отырысы судья Неймат Мамедовтің төрағалығымен өтті. Сот үкімімен Рухана Иманова енесін өлтіргені үшін айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар