Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Күйеуі соққыға жыққан»: 37 жастағы келіншек аурухана төсегінде қайтыс болды

15:34, 02 қыркүйек 2026

Қырғызстанның Ош облысында күйеуі соққыға жықты деп күдікке ілінген 37 жастағы әйел ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оштағы облыстық ішкі істер басқармасы растаған мәліметке сәйкес, 1989 жылы туған Н.Г. есімді келіншек 17 тамызда басы, беті және денесінің түрлі бөліктерінен соққы алып, Қара-Құлжа аудандық ауруханасына жеткізілген. Құқық қорғау органдарының алдын ала болжамы бойынша, оны 48 жастағы күйеуі ұрып-соққан болуы мүмкін. Бұған дейін әлеуметтік желіде марқұмның денесіндегі ауыр соққы іздері түсірілген бейнежазба тарап, қоғамда үлкен ашу-ыза тудырған еді.

Бастапқыда куәгерлердің түсініктемелеріндегі қайшылықтарға байланысты бұл факті Қырғызстан Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша тіркелген болатын.

Алайда 29 тамыз күні дәрігерлер науқастың көз жұмғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта марқұмның нақты өлім себебін және алған соққыларының өліміне тікелей қатысын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу органдары түпкілікті қорытынды шыққанға дейін әйелдің өліміне күйеуінің әрекеті себеп болғанын нақты растаған жоқ. Іс бойынша тергеу амалдары әрі қарай жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар