Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Елде шешімін күткен мәселе көп»: Тамара Асар депутаттарға үндеу жасады

18:00, 01 қыркүйек 2026

Халық әртісі, әнші Тамара Асар Құрылтайдың жаңа құрамына сайланған 145 депутатты құттықтап, маңызды мәселелерді шешуге шақырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі жаңа депутаттарға халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған заңдар қабылдап, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, берген анттарына адал болуды тіледі.

«Ардақты АҒАЙЫН! Құрылтайдың су жаңа депутаттары құтты болсын! Халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жөндейтін заңдар шығарып, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заман болсын!

Лайымда 145 депутат бүгінгі берген анттарына берік болып, өз ерік жігерлерімен,қажыр-қайраттарын қаншама мұқтаж жандардың сауабын алатын, сапалы жұмыс жасауларына жазсын»,- деді Тамара Асар.

Әнші елде әлі де шешімін таппаған мәселелер аз емес екенін атап өтті.

«Елде шешімін күткен мәселе көп екені баршаға мәлім, соның ішінде атап айтатын болсам, Қазақстанда мемлекеттік порталдағы протездік-ортопедиялық әлеуметтік қызметтерге толықтырулар және бүгінгі күнге сай жаңаша түзетулер керек.

Осы мәселемен сауаты терең, сол саланың бүге-шүгесін жақсы білетін, тәжірибесі мол мамандар яғни мемлекеттік деңгейде Құрылтайдың мінбесінде депутаттардың айналысуын өтінемін»,- деп жазды ол.

Айта кетейік, Тамара Асар Құрылтай депутаттығына Қазақстан Халық партиясының атынан кандидат ретінде ұсынылған еді. Алайда сайлау қорытындысы бойынша партия 3,11 пайыз дауыс жинап, бес пайыздық межеден өте алмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар