Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Англиялық «Бернли» сапындағы Дастан Сәтпаев туралы қуанышты жаңалық шықты (ФОТО)

15:03, 02 қыркүйек 2026

Англияның «Бернли» клубы Чемпионшиптің төртінші турындағы «Мидлсброға» қарсы кездесуінің ресми афишасына Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың бейнесін таңдады, деп хабарлайды Alash.kz.

Британдық клуб бұл маңызды матчтың жарнамалық промосында қазақстандық футболшының бейнесін таңдаған. «Бернлидің» өз алаңы «Терф Мур» стадионында өтетін бұл ойын 2-нен 3-қыркүйекке қараған түні, Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Айта кетейік, бойында зор әлеуеті бар жас шабуылшы «Бернли» сапында әзірге үш матч өткізіп үлгерді. Сәтпаев осы ойындарда нәтижелі ұпай жинай алмағанына (гол немесе нәтижелі пас) қарамастан, бапкерлер штабы мен клубтың маркетинг бөлімі оған үлкен үміт артып отырғанын аңғартуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар