Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жаңартылған рейтингте!»: Бибісара Асаубаева туралы қуанышты хабар тарады

09:29, 02 қыркүйек 2026

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) 2026 жылғы қыркүйек айындағы жаңартылған рейтингінде үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жаңадан жарияланған тізім қорытындысы бойынша отандық спортшының қоржынында 2536 рейтингтік ұпай бар. Алдыңғы көрсеткіштермен салыстырғанда Бибісара Асаубаева екі ұпайын жоғалтқанына қарамастан, әлемнің ең үздік бес шахматшысының арасындағы бесінші орнын берік сақтап қалды.

Әйелдер арасындағы жаһандық рейтингтің алғашқы төрт сатысына Қытай өкілдері жайғасқан. Тізімнің көш басында Цзюй Вэньцзюнь тұрса, кейінгі орындарға Тань Чжунъи, Лэй Тинцзе және Чжу Цзиньэр жайғасқан.

Ал бесінші орынды иеленген Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінің ТОП-5 қатарына енген жалғыз қазақстандық шахматшы атанды.

2026 жылғы қыркүйектегі FIDE рейтингінің үздік бестігі:

 Цзюй Вэньцзюнь (Қытай)

 Тань Чжунъи (Қытай)

 Лэй Тинцзе (Қытай)

 Чжу Цзиньэр (Қытай)

 Бибісара Асаубаева (Қазақстан)

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар