Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Егер, таныспасаң...»: Алматыда ер адамның бойжеткенге көрсеткен агрессиясы елді шошытты (ВИДЕО)

15:49, 02 қыркүйек 2026

Алматының «Орбита» шағын ауданындағы тамақтану орындарының бірінде бейтаныс ер адам өзімен танысудан бас тартқан әйелдің үстіне су шашып жіберген, деп хабарлайды Alash.kz.

Ашуланған келіншектің айтуынша, бейтаныс азамат алдымен жанына келіп танысуды ұсынған. Ал ұсынысына теріс жауап алғаннан кейін, агрессия танытып, осындай әдепсіз әрекетке барған.

Оқиғадан кейін бойжеткен бірден полиция шақыртқанымен, келген тәртіп сақшысы мәселеге үстірт қарап, арызды тиісті деңгейде қараусыз қалдырған.

Полицейдің салғырттығына налыған жәбірленуші болған жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді. Ол өзге де қыз-келіншектерден қолдау сұрап, қоғамда мұндай жөнсіздіктер мен тиісулерді жауапсыз қалдырмауға шақырды.

Қазіргі уақытта полиция тарапынан аталған оқиғаның мән-жайы мен шақыруға келген қызметкердің әрекетіне қатысты ешқандай ресми түсініктеме берілген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар