АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жойқын соққылардың беріліп жатқанын хабарлап, алдағы уақытта бұл шабуылдардың ауқымы одан әрі артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ақ үй басшысы бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында ашық жазды. Трамптың айтуынша, америкалық күштер Стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазы маңындағы Иран нысандарына қатаң соққылар бағыттауда.
«АҚШ Ормуз бұғазының жанындағы Иран нысандарына соққы беруде. Бұл – ауқымды әрі жойқын соққылар», – деп жазды Америка басшысы.
Бұған қоса ол Иранға қарсы бұрын-соңды болмаған ең ірі атакалардың ауылы алыс еместігін және одан кейін бұл елде дерлік ештеңе қалмайтынын ескертті.
Өз кезегінде Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) өкілі Хосейн Мохеби америкалық тараптың бұл әрекеттеріне қатысты жауап білдіріп, Тегеранның қарап қалмайтынын жеткізді.
«Иран жауап береді! Америка Құрама Штаттары осы жаңа шабуылдары үшін әлі-ақ өкінетін болады!», – деп атап өтті Хосейн Мохеби.