Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Cobalt жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен»: 6 адам қаза тапқан Жетісу облысындағы апат туралы тың дерек шықты

10:43, 02 қыркүйек 2026

Жетісу облысында екі жеңіл көліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

Сұмдық жол апаты «Сарыөзек – Көктал» автожолының 110-шақырымында орын алған. Алдын ала тараған мәліметтерге сәйкес, Chevrolet Cobalt маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Осы сәтте ол қарсы алдынан келе жатқан дәл сондай Cobalt маркалы екінші көлікпен қатты соқтығысқан.

Соққының жойқын болғаны сонша, апат салдарынан алты адам алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал түрлі дене жарақатын алған тағы бір жолаушы аман қалып, жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған қайғылы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар