Ұлттық статистика бюросы медианалық және орташа айлық жалақы мөлшері туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Биылғы жылдың II тоқсанында еліміздегі орташа айлық (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) 486 388 теңге болды. Үш айда орташа жалақы 5,4 пайызға көбейді.
Өңірлер бойынша ең көп орташа жалақыМаңғыстау облысына тиесілі. Бұл өңірде орташа айлық – 673 656 теңге. Астанада – 647 920 теңге, Атырау облысында – 631 555 теңге болды.
Алматыда орташа жалақы – 610 371 теңге, ал Шымкентте – 377 710 теңге. Ең төменгі орташа айлық Жетісу облысында – 377 798 теңге, Жамбыл облысында – 375 456 теңге, Түркістан облысында – 370 964 теңге, Солтүстік Қазақстан облысында – 363 123 теңге.
Қазақстандағы медианалық жалақы туралы айтсақ, биылғы жылдың II тоқсанында еліміз бойынша жалақының медианалық мәні (жалақы қатарындағы орталық деңгей) 348 415 теңге болды.
Еске сала кетейік, былтырғы жылдың IV тоқсанында еліміздегі орташа жалақы – 473 158 теңге, ал медианалық жалақы – 339 912 теңге болған.