Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сәби аман ба?": Қордайда жаңа туған нәрестені қоқыс жәшігіне тастап кеткен (ФОТО)

12:36, 02 қыркүйек 2026

Жамбыл облысында қоқыс контейнерінің ішінен жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға Қордай ауданындағы Гвардейский гарнизонының аумағында орын алған. Жергілікті полиция бөлімі қоқыс жәшігінен сәбидің табылғаны туралы ақпаратты ресми түрде растады. Қазіргі таңда оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала таралған мәліметтерге сәйкес, табылған нәресте – қыз бала. Дәрігерлер кішкентай нәрестенің денсаулығына төніп тұрған қауіптің жоқтығын және оның жағдайы тұрақты екенін жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар