Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді 1968 жылы 30 маусымда Түркістан облысында туған. Мемлекеттік қайраткер әрі дипломат 2019—2023 жылдары Сыртқы істер министрі қызметін атқарды. 2023 жылдан бастап қызметтегі Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елші ретінде жұмыс істеді