Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлытаудан шыққан «Ғасыр адамы» Темірғали Көкетаев жайлы білеміз бе?

00:01, 28 қаңтар 2025 754

XX-XXI-ші ғасырдың аса көрнекті физигі. Ұлы есім. Ғасыр Ғұламасы! Бұл біздің қазақтан шыққан ғалым Темірғали Көкетаев жайлы айрықша сипаттама.

Біздің қоғамда әлемдік деңгейге шыққан ғұлама ғалымдар жайлы көп айтыла бермейтіні рас. Қазақ отбасысында дүниеге келген, қазақ тілін жетік білетін, өзі қазақ, тілі қазақ, ұлты қазақ – Темірғали ағамыз ұлтымыз үшін жан-жақты еңбек етіп, соңынан мұрат пен ізгі өнеге қалдырған өмірге бір-ақ рет келетін тұлға еді. Бұл кісіні өз елімізде ғана емес, тіпті, шет елдерде мойындалды. Өкінішке қарай, Ұлытау ұясынан шыққан ғұлама ғалым 2024 жылы, 18 тамыз күні фәниден бақиға аттанды. Мен үшін ұлттық ғылымымызды ілгерлеткен тұлғамен жолығып, болашақ журналист есебінде сұхбаттасу арман болып қалды. Десе де, өнегелі өмір иесінің еңбектерімен, қалдырған мол мұрасымен сырласып, көңіл қазынамызды байытуға дайынбыз.

Ұлытаудан шыққан Ұлы ғалым

Темірғали Көкетаев 1938 жылы 25 наурызда қазіргі Қазақстан Республикасы Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы Жеткеншек ауылында дүниеге келген. Бала Темірғали 1950 жылы ата-анасының бағыттауымен республика астанасына аттанады. Ол жақта әкесінің інісі, университет оқытушысы еді. Алматыда Көкетаев №12 мектеп-интернатта білім алды. 1957-1959 жылдары мектепті бітірген соң, С.Сейфуллин атындағы кеңшарда шопан болды. Бұл ауыл қазіргі Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданында орналасқан.

Ғалым өзінің кәсіби жолына 1959 жылы аяқ басты. Ол 1959-1964 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде физика-математика факультетінде оқиды. Институтты бітіргеннен кейін стажер-зерттеуші (1964-1966) болып жұмыс істеді және Тарту университетінің (Эстония) аспирантурасына (1966-1969) оқуға түсіп, 1970 жылы Ч.Б.Лущиктің жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғады.

Аспирантурадан кейін Көкетаев 1969 жылы кезінде өзі білім алған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аға оқытушы, доцент, физика факультеті деканының орынбасары қызметтерін атқарды. Жетпісінші жылдары Қарағандыға қоныс аударып, жаңадан құрылған Қарағанды ​мемлекеттік университетінің қатты дене физикасы (ҚҚФ) кафедрасының меңгерушісі болды. 1989 жылы физика факультетінің деканы болып тағайындалғанға дейін физика және техника кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1994-1997 жылдары ғылым жөніндегі проректор, ал 1997-2008 жылдар аралағында физика-техникалық теория кафедрасының меңгерушісі болды.

Көкетаев көзінде «қатты дене физикасы» саласында түрлі зерттеулер жүргізген. 1999 жылы Жапонияның физика институтының ұсынысымен оған Кембриждегі Халықаралық Биографиялық орталық берген. Күміс медалі бар. Ағамыз Оксфорд университетінде соңғы рет 2006 жылы болыпты. Дәрісті қай тілде оқисыз? , – дегенде, қазақ тілінде оқитынын айтты. Алай да, 6 айдан кейін хабар келіп, физиканы қазақ тілінен, ағылшын тіліне аударатын тілмаш табылмағандығы белгілі болады. Ақырында, тағы бір хат келіп, орыс тілінде оқитын болып шешті. Төрт бірдей атақты мемлекеттен, яғни, Жапония, Германия, Франция, Англиядан 70 шақты профессор келіп, олардың алдында бес дәріс оқиды. Ғалым өзінің зерттеулері жайында бөліседі. Соңғы дәрісінде Темірғали ағамыз менің ұлтым кім десе, бәрі орыс деп таныпты. Сөйтіп, ағамыз өзінің шыққан тегін таныстыра бастайды. Сол жерде бір профессор қазақша бір ауыз сөз айтуын сұрайды. Темірғали Көкетаев: – “Мен, орыстар шала халық деп жүрген, қазақ деген ұлы халықтың ұлымын”, –  деген екен.

Ғалым жастайынан физиканың барлық қыр-сырын терең меңгеріп, ғылымның ең күрделі құпияларын ашқан нағыз данышпан болды. Көкетаев кристалдардағы жарықтың табиғатын зерттеп, студент кезінде-ақ, кристалды қолдан өсірген дара тұлға.

Физика заңдары бойынша қатты дене сыртқа жарық шығармайды. Алайда, Көкетаев суық жарық құбылысын ашып, дененің жылусыз жарық шашуының мүмкіндігін дәлелдеді. Бұл жаңалық ХХ ғасырдың физикадағы маңызды жаңалықтардың бірі ретінде танылып, оны ғалым санатында биікке көтерді.

«Ғасыр ғұламасымен» алғаш танысқан сәт

Мен Темірғали Көкетаев ағамыз жайында Аманғали Қалжановтың “Егемен Қазақстан” газетіне жариялаған мақаласы арқылы білдім. Өз туған қаламда мұндай данышпан физик болғанын ерте кезде білгенімде, қандай жағдай болмасын, ол кісімен байланысып, сұрақтарымды қойып, болашақ журналист ретінде сұхбат та алар ма едім?! Темірғали Көкетаев жайында алғаш білгенімде, ол кісінің мінез-құлқы мені ерекше таң қалдырды. “Темкең өзіне-өзі мәз болып, өзіне-өзі тамсанып жүретіндерді жек көретін кісі”, –  деп жазыпты Аманғали Қалжанов. Бірақ Темірғали Көкетаевтың өзіне-өзі тамсанып, тебіренген бір сәті болыпты. Ол бағана айтқан дәрісі жайында. Дүниежүзіне атақ-даңқы шыққан физиктер Иссак Ньтон, Эрнест Резерфорд оқыған оқу орындарының бірі. Англияның премьер-мистрлері Уинстон Черчиль, Маргарита Тетчер де осында оқыған. Сонымен қатар, дәріске 70-тен астам профессор мен 30-дан астам студент құлақ асқан. Мен қазақтан шыққан осындай ғалымдармен мақтанамын! “Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді”, – демекші, мен бұл кісіні жан-жақты зерттеудемін. Мәселен, белгілі ғалым өзінің бір сұхбатында былай дейді:

 –  Мен физик болғаныма өкінемін! – дейді.

 –  Неге?

 – Қазағымның жоғын түгендей алмадым... Біз американың үндістері секілді өз байлығы өзіне сор болған елге айналып барамыз. Қазақтың қазаққа жаны ашымайды. Абайдың кезіндегі қазақтан қара үзіп кеткен қазақ саусақпен санарлықтай. Поляктарға қарашы! Парижде баяғыда дүниеден қайтқан Шопеннің жүрегін Варшаваның шіркеуіне әкеліп, әспеттеп қойды! Ал біз не істеп жүрміз?! Кенесарының басы қайда?! Біреуге есесін жіберген ел – ел емес! – деді де, – Физикадан лирика мықты! Менен сен мықтысың! – депті Аманғали Қалжановқа. Бірақ Көкетаевтың қазақ үшін еңбегі аз дегенге мен сенбеймін! Ол кириллицадан – латын әліпбиіне ауысамыз дегенде екі жыл қатарынан ізденісте болды. Ахмет Байтұрсынұлының тіл жайында еңбектерін қайта оқыды. Латын әліпбиіндегі 28 дыбысын түгендеп, “ ä ” мен ” ö ”әріптеріне ерекше назар салып, әлемнің 80%-ы қолданатын бұл әліпбиге өгеріс әкелген.

Мен үшін Темірғали Көкетаев, “Аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды”. Бұл Н.И.Веселовскийдің Шоқан Уәлихановқа айтқан сөзі және мен мұны Темірғали Көкетаев жайында да айтар едім. Білімі мен өнері сусындаған бұл ерекше тұлға ғылымға да, ілімге де біраз жаңалықтар әкелгені рас. Темірғали Көкетаевтың ғылым мен білім саласына қосқан еңбектері – болашақ ұрпаққа өнеге болып қана қоймай, еліміздің ғылыми дамуындағы баға жетпес мұра саналады. Әсіресе, физика саласындағы зерттеулері мен жаңалықтары әлемдік деңгейде мойындалып, жас ғалымдарға жол көрсетті. Ғалымның баға жетпес мұрасы – тек ғылым айналымын ілгерлету үшін ғана емес, сонымен қатар жастарды білімге, ізденіске жетелеудің жарқын үлгісі деп білемін.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. https://ru.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D1%83%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B0%D0%B5%D0%B2,_%D0%A2%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%B3%D0%B0%D0%BB%D0%B8_%D0%90%D0%B1%D0%B8%D0%BB%D1%8C%D0%B4%D0%B8%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87

2. https://egemen.kz/amp/article/166767-ghasyr-adamy-temirghali-koketaev

3. https://qazaqstan.tv/index.php/news/80022/

4. https://youtu.be/369luG9hBHs?si=2cp87Seg2fNZJFiW – желілерінен алынған.

                                                   

Ердембекова  Дильназ 

Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы

 Қарағанды қаласы

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар