Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада жүк көлігі велосипед мінген жасөспірімді қағып кетті

19:50, 30 мамыр 2026

Астанада жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипед мінген жасөспірім ауруханаға түсті, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға Тілендиев даңғылының бойында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі жанармай құю бекетіне қарай оңға бұрылған кезде жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедпен өтіп бара жатқан жасөспірімді байқамай қалған.

Салдарынан жасөспірім жүк көлігінің астына түсіп, түрлі дене жарақаттарын алған. Зардап шеккен бала жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған жол апаты бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін елордадағы Тәуелсіздік даңғылында бетон араластырғыш жүк көлігі велосипедпен келе жатқан мектеп оқушысын қағып кетіп, жасөспірім оқиға орнында көз жұмған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар