Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тозығы жеткен жолдың кесірінен»: Алматы облысында бүтін бір отбасы мінген көлік апатқа ұшырады (ВИДЕО)

20:50, 29 мамыр 2026

Алматы облысына қарасты Привольное және Жалғамыс ауылдарының арасындағы күре жолдың әбден тозығы жетуі апаттың болуына себеп болды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Куәгерлердің мәлімдеуінше, аталған бағытта қозғалып бара жатқан жеңіл көлік жолдағы терең шұңқырлардың кесірінен басқаруға бағынбай, апатқа ұшыраған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік ішінде болған бір отбасының мүшелері, соның ішінде кішкентай балалар түрлі дене жарақаттарын алды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл тасжолдың сапасыздығы мен қауіптілігіне байланысты жауапты органдарға бірнеше жылдан бері шағым айтылып келеді. Селдірлік танытқан шенеуніктерге ауыл халқы ресми «Е-Өтініш» платформасы арқылы да бірнеше мәрте хат жолдаған. Алайда халықтың бұл жанайқайы мен талап-тілектерінен ешқандай нәтиже шықпай, мәселе аяқсыз қалған.

Құс фабрикасының маңынан өтіп, Жалғамыс ауылына қарай созылатын бұл жол кесіндісінде зардап шегетін жалғыз бұл отбасы емес. Ауыл тұрғындары жүргізушілердің күнделікті уақытта көлік дөңгелектерін жарып, жол жиегінде тұралап қалатынын алға тартты. Ауыр зардаптарға әкеліп соққан бұл жол апатынан кейін де тиісті шаралар қабылданбаса, келесі жолы бұдан да сорақы трагедияның орын алуы мүмкін екенін айтып, тұрғындар дабыл қағуда.

Жолдардың өте нашарлығынан адамдар өлімге қиылып жатса да, айыппұл жүйесі мүлтіксіз жұмыс істеп тұр. Елде тәртіп те, сапалы жол да жоқ, ал шенеуніктер болса халық есебінен байып жатыр. Мұндай ештеңе жұмыс істемейтін жүйеде өмір сүру мүмкін емес, сондықтан бұқара халық бұл заңсыздыққа қарсы оянуы керек.

Жолдағы шұңқырлардың кесірінен мен де ірі жол апатына ұшырадым. Ой-шұңқырлардан қашамын деп назарым бөлінген сәтте алдымнан кенеттен жылқы шығып, соқтығысу салдарынан көлігім толықтай жарамсыз болып қалды, ал малды полиция қызметкерлері алып кетті.

Егер сапасыз жолдың кесірінен жол-көлік оқиғасы орын алса, сол аймақтың әкімі мен оның жауапты орынбасарын 5-7 жылға жүргізуші куәлігінен айыруды ұсынамын. Қарапайым халықты құқығынан айыру оңай болғанымен, шенеуніктер тарапынан ешқандай жауапкершілік пен кері байланыс байқалмайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар