«Қайрат» - «Ордабасы» матчынан кейінгі пресс-конференцияда Темірлан Анарбековтің қазіргі ойыны туралы талқыланды, деп жазады Alash.kz.
«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаеэль Оразбахтин қақпашы жайында былай деді:
«Келесі матчта қолғабына бал жағып қоятын шығармыз. Доп қолына жабысып қалу үшін. Білмеймін. Мүмкін, көп уақытын инстаграмда өткізді ме? Талқылау керек».
Айта кетейік, Шымкент қаласында өткен футбол матчы «2:1» есебімен «Ордабасының» жеңісіне шешілді.