Бүгін болатын Алматыдағы КешьЮ тобының 20 жылдық кешіне дайындық қызу жүріп жатыр. Топтың бас продюсері Баян Мақсатқызы костюм шоуының да ерекше болатынын айтты, деп жазады Alash.kz.
20 жылдың ішінде құрамында жиырмадан астам әнші ауысқан әйгілі топ үшін ерекше костюмдер тігу оңай болмаған.
Біздің костюм шоуымен айналысатын стилисіміз шокта жүр. «Бәріне қалай үлгеремін» деді. Ал, «Бұл мені толғандырмайды» дедім. Бізде солист ауысады, жаңасы сахнаға шығады. Әрқайсысына арнап, қайтадан тігу керек. Жаңадан жаңа үлгі жасау керек. Бұл - жаңа шығармашылық өнім. Костюмдер мен шоу бір ұғым. Кешьюдің әр құрамы ерекше киімде болуы керек. Көрерменді таңғалдыра алуы керек.