Асылжан Есенқызы өзіне жасалған қысым туралы мәлімдеді, деп жазды Alash.kz.
Бұрынғы президенттің інісі Қайрат Сатыбалдымен қарым-қатынаста болған Асылжан Есенқызы әлеуметтік желіде өзіне көрсетілген қысым туралы жазба жариялады.
Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалдымен бірге болған кезеңде де, кейін ажырасқаннан соң да басқа әйелдері тарапынан қысым көрген.
«Қайрат Сатыбалдымен бірге болған кезімде оның басқа әйелдері ізімді аңдып, тыныштық бермейтін. Гүлмира, Әсел, Саида және олардың айналасындағы адамдар маған түрлі жолмен қысым көрсетті. Бір күні олардан мұның себебін сұрадым. Бірақ нақты жауап ала алмадым», – деп жазды Асылжан Есенқызы.
Оның сөзінше, қысымның себебі ретінде Қайрат Сатыбалдының балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіні айтылған. Алайда Асылжан Есенқызы бұл уәжбен келіспейтінін жеткізді.
Сондай-ақ ол Қайрат Сатыбалдымен ажырасқаннан кейін жағдай өзгереді деп ойлағанын, бірақ өзіне қатысты жағымсыз әрекеттердің тоқтамағанын мәлімдеді.
Асылжан Есенқызы бұл туралы жеке парақшасында жариялап, өз басынан өткен жағдайларды баяндады.