Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайға дейін шығарып салды". Путиннің Ресейге қайтты

09:38, 30 мамыр 2026

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған жұмыс сапары аяқталды, деп жазды Alash.kz.

Сапар қорытындысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесін әуежайға дейін шығарып салды.

Путин Астанаға Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу және екіжақты келіссөздер өткізу үшін келген болатын. Сапар барысында мемлекет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастық, өңірлік қауіпсіздік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Әуежайдағы шығарып салу рәсімінің видеосын Кремльдің баспасөз қызметі жариялады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар