Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Даңғаза, ақымақ әйелдердің қабылдаған шешіміне еріп кетпеу керек". Заңгер мектеп аяқтау кешіндегі ысырапшылдықты сынға алды

14:30, 30 мамыр 2026

Заңгер Марғұлан Ермағанбетұлы мектеп бітіру кештерін өткізуге қатысты өз пікірін білдіріп, ұлының мейрамханадағы салтанатты кешке қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Alash.kz.

Оның айтуынша, сыныптастар арасында мұндай кешке қаржы қоспаған жалғыз оқушы – өз ұлы. Заңгер бұл шешімнің қаржыға емес, артық даңғаза мен орынсыз шығынға қарсылыққа байланысты қабылданғанын жеткізді.

Марғұлан Ермағанбетұлы бірнеше сағатқа ғана созылатын мерекелік кешке жұмсалатын қомақты қаражатты оқушының өз қажетіне немесе болашағына бағыттаған дұрыс деп санайды. Оның пікірінше, мектеп бітіру кештеріндегі артық шығын мен ысырапшылдық қоғамда қалыптасқан теріс үрдістердің бірі.

«Біз саналы ұлт қалыптастыруымыз керек», – деді ол.

Заңгердің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Бірі оны қолдап, мектеп бітіру кештеріндегі шығынды қысқарту қажет екенін айтса, енді бірі мұндай шаралар түлектер үшін есте қаларлық маңызды сәттердің бірі екенін алға тартуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар