Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Барселона" деген ат алған. Алматылық Айтолқын өз есімін ресми түрде өзгертіп, ел естімеген жаңалығын хабарлады

14:20, 30 мамыр 2026

Алматы тұрғыны есімін ресми түрде өзгертіп, енді өзін Барселона деп атауды сұрады.

Айтолқын Айханова Халыққа қызмет көрсету орталығынан жаңа туу туралы куәлігін алып, әлеуметтік желіде есімін өзгерткенін хабарлады. Оның айтуынша, бұл шешім ұзақ ойластырылған.

Әйелдің сөзінше, оған дүниеге келген кезде атасы Барселона есімін қойған. Алайда 40 күннен кейін есімі Айтолқын болып өзгертілген. 36 жылдан кейін ол туған кездегі алғашқы есімін қайта қайтаруға шешім қабылдаған.

Барселонаның айтуынша, атасы балалары мен немерелеріне әлемдік спорт жарыстары өткен қалалардың атауын беруді дәстүрге айналдырған. Сол себепті ол Барселона Олимпиадасының құрметіне аталған.

Отбасындағы ерекше есімдер мұнымен шектелмейді. Оның ағасының есімі – Сеул, інісінің есімі – Сидней, ал жиен қарындасына Токио есімі берілген.

Жаңа құжаттарын алған тұрғын енді өзін бұрынғы Айтолқын емес, Барселона деп атауды өтінді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар