Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Енді, біздің ережеге бағынасыңдар!»: Иран билігі әлем күтпеген мәлімдеме жасады

11:32, 29 мамыр 2026

Иран билігі әлемдік энергия тасымалында стратегиялық маңызы зор Ормуз бұғазын өз бақылауына толықтай алғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Иран Ислам Республикасы Парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің төрағасы Эбрахим Азизи аталған су жолы бұдан былай тек Тегеран бекіткен ережелер мен ішкі механизмдерге сәйкес басқарылатынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл қадам уақытша геосаяси шара емес, ұзақ мерзімді тұрақты шешім болып табылады.

Парламент комитетінің басшысы бұл мәлімдемесі арқылы халықаралық қауымдастыққа, әсіресе Батыс елдеріне сес көрсетті. Ол АҚШ билігі Иранның бұғаздағы белсенділігін үстірт бағалап, оны қысқа мерзімді немесе локальді сипаттағы әрекет деп қабылдамауы тиіс екенін қатаң ескертті.

Сонымен қатар, ирандық шенеунік Таяу Шығыс аймағындағы көршілес мемлекеттерді де жаңа геосаяси жағдаймен санасуға шақырды. Ол аталған су айдыны арқылы қатынайтын барлық елдерді жаңа ережелерге бағынуға және бұдан былай тек Тегеран белгілеген тәртіп аясында әрекет етуге міндетті екенін баса айтты. Ормуз бұғазындағы бұл бақылаудың күшеюі аймақтағы әскери-саяси жағдайды одан ары ушықтыруы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар