Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жемқорлық ісі: ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті ұстады (ВИДЕО)

Жемқорлық ісі: ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті ұстады (ВИДЕО)

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті және осы іске қатысы бар өзге де тұлғаларды қамауға алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ұсталған азаматтар «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы төңірегіндегі атышулы жемқорлық ісіне қатысы бар деген күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл қылмыстық схеманы «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін «Самұрық-Қазына» қоры мен теміржол операторы ҚТЖ-ның басшылары Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев ұсталған болатын. Кейіннен «Самұрық-Қазына» қорының тағы бір қызметкерінің қолға түскені белгілі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар