Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жауапты лауазымға тағайындалды»: Қазақстан СІМ басшысы ИЫҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті

«Жауапты лауазымға тағайындалды»: Қазақстан СІМ басшысы ИЫҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшысының орынбасары Бағдат Әміреевті қабылдады, деп хабарлайды Alash.kz.

Сұхбат басында Министр оны жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтады.

Ведомствоның мәліметінше, министр Қазақстанның ИЫҰ-мен өзара іс-қимылға ерекше мән беретінін атап өтіп, Ұйыммен ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын айқындады. 

Сонымен қатар, ИЫҰ негізгі қағидаттары мен Жарғысын қатаң сақтау және Саммиттер мен Министрлік кездесулердің шешімдерін дәйекті түрде орындау қажеттілігіне назар аударды.

Келіссөздер барысында тараптар Ұйымның алдағы іс-шаралар кестесін талқылап, СІМ мен ИЫҰ Хатшылығы арасындағы тиімді ықпалдастықты жалғастыруға бейімділігін қуаттады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар