Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зеленский: Келіссөз үстеліне отырып, соғысты тоқтататын уақыт келді

Зеленский: Келіссөз үстеліне отырып, соғысты тоқтататын уақыт келді

Украина президенті Владимир Зеленский соғысты тезірек аяқтауға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Зеленский Киевтің мүддесіне сай келетін бейбіт келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Украина АҚШ-тан ауқымды әскери көмек пакетін бөлуді және Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдатуды талап ететінін мәлімдеді.

«Украинаны қолдау деңгейі мен санкциялар Ресейге нақты белгі беретіндей болуы керек. Келіссөз үстеліне отырып, соғысты тоқтататын уақыт келді», – деді Зеленский.

Оның айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Джаред Кушнер мен Стив Уиткофф бейбіт келісімге мүмкіндігінше тезірек, желтоқсан-қаңтар айларына дейін қол жеткізгісі келеді.

«Барлығының мүмкіндігінше тез әрекет етуге деген ұмтылысы бар. Мұны біз де, ресейліктер де түсініп отырмыз. Біз мұның қандай бағаға түсуі мүмкін екенін де білеміз. Біз де бейбітшілікті қалаймыз, бірақ ол тек Украинаның есебінен болмауы керек», – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар