Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мемлекеттің мұндай спортшыны жазалауы мүмкін емес»: Шайдоровтың жалақы дауына қатысты министр мәлімдеме жасады

20:22, 29 мамыр 2026

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың қаржыландыру мен жаңа келісімшартқа байланысты жасаған мәлімдемесіне қатысты ресми жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Ербол Мырзабосынов спортшының айналасындағы жағдайды жеке бақылауына алғанын атап өтіп, туындаған түсініспеушіліктің себебін түсіндірді. Министрдің мәлімдеуінше, Олимпиада аяқталғаннан кейін алдыңғы келісімшарттың күші жойылған, ал жаңа құжаттағы талаптар спортшының чемпиондық мәртебесіне сай әлдеқайда тиімді етіп әзірленген. Министр өз сөзінде спортшы мен мемлекеттік органдар арасында ешқандай текетірес жоқ екенін алға тартып, чемпионға деген құрметтің жоғары екенін келесідей төл сөзімен жеткізді:

Михаил Шайдоров – біздің мақтанышымыз, Қазақстандағы ең жарқын спортшылардың бірі. Мемлекеттің мұндай спортшыны қандай да бір түрде жазалау немесе оған кедергі келтіру мақсаты болуы мүмкін емес.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар