Шешенстан президенті Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлы Ахмат Қадыровты Үкімет төрағасының орынбасары міндетін атқарушы етіп тағайындады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Достар, 2026 жылды Шешенстан үкіметі құрылымында шағын кадрлық өзгерістермен бастадық. Шешенстан үкіметі төрағасы Мағомед Даудовтың ұсынысымен Ахмат Қадыров Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары міндетін атқарушы – дене шынықтыру және спорт министрі болып тағайындалды», – деп жазды Рамзан Қадыров Telegram-арнадағы парақшасында