Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үйдің тазалығын қарап, бала тәрбиелейді: Кедейлікті азайту үшін әр отбасыға 1 қария тағайындалып, оларға ақша беріледі

17:23, 27 қараша 2024 128

Өзбекстанда кедей отбасыларға көмек көрсету үшін ақсақалдар жаңа бағдарламаға қатысады. Әрбір 5 отбасына 3 ақсақал бекітіледі, олар жағдайы нашар отбасыларға  көмек көрсетіп, кеңес береді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Бұл қызмет түрінің ұйымдастырылуы үшін әрбір махаллада «Қарттар мен ата-аналар кеңесі» құрылатын болады.

Кеңес мүшелері белсенді қатысушыларды 6 айға кедей отбасыларға бекітеді, олардың еңбегі үшін ай сайын 50% МРОТ мөлшерінде ақы төленеді (1 млн 155 мың сум).

Сонымен қатар, ақсақалдар «Нуроний» қорының қаражаты есебінен қандай шығындарды жабу қажеттігін анықтауға ұсыныстар бере алады.

Бұл туралы президенттің қаулысында айтылған. Жоспар бойынша, әрбір 5 кедей отбасына 3 қарт адам бекітіледі, олар жанұяға көмектесетін болады.

Қарттардың негізгі міндеттері:

• Жеке қосалқы шаруашылықтарды тиімді пайдалануға көмек көрсету;

• Мобильді дүкендер мен өндірістік мини-құрал-жабдықтар мен басқа да техникалық құралдарды жалға алу мәселесінде қолдау көрсету;

• Әлеуметтік келісімшарт бойынша отбасылардың міндеттерін орындауын бақылау ұйымдастыру.

Қарттар сонымен қатар, отбасыларды зиянды әдеттерден арылуға көмектеседі және үй шаруашылықтарының санитарлық жағдайын жақсартуға, тазалықты сақтауға ықпал етеді.

Балаларға да көңіл бөлінеді: қарттар балаларды қолөнершілер мен шеберлерге үйретуге көмектеседі, олардың қажетті құрал-жабдықтары мен спорт киімдерімен қамтамасыз етілуін бақылайды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар